ЖТН AP26101849 «Маңғыстау облысы кен орындарының мұнай қабаттарында парафин тұну процестерін зерттеу» жобасының 2026 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес зерттеу тобының мүшелері – «Геология және мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының техника ғылымдарының қауымдастырылған профессорлары Р.У. Баямирова, А.Т. Жолбасарова және Д.С. Садуакасов «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік нысандарында болды.
Негізгі мақсат – зерттеулер жүргізу үшін мұнай қабаттарында парафиннің тұну процестерін зерттеуге қажетті мұнай сынамаларын алу, сондай-ақ жобаның ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті өндірістік мәліметтерді жинақтау.
Зерттеу тобы «Өзенмұнайгаз» АҚ мамандарымен кездесіп, мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалануға байланысты өндірістік процестермен, мұнай өндіру технологияларымен, сондай-ақ мұнай бергіштікті арттыру әдістері, сонымен қатар парафин түзілуіне әсер ететін өндірістік факторлар және мұнайды өндіру барысында парафин шөгінділерінің пайда болу ерекшеліктері бойынша пікірлесті.
Өндіріс орнынан алынған зерттелетін сынамалар жобаның ғылыми-зерттеу жұмыстарында мұнайдың физика-химиялық қасиеттерін және парафиннің тұну ерекшеліктерін анықтау мақсатында пайдаланылатын болады.