Инженерия факультеті

Факультеттің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты

Мұнай-газ, геология, құрылыс, экология және энергетика салаларында өңір мен ел экономикасының сұранысына сай, кәсіби құзыреттілігі жоғары, жауапты және инновациялық ойлайтын инженерлер даярлау.

Негізгі міндеттері

01

Білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілермен бірге әзірлеп, үнемі жаңартып отыру

02

Өндірістік практика мен тағылымдаманы жетекші кәсіпорындар базасында ұйымдастыру

03

Зертханалар мен оқу-өндірістік базаны дамыту, цифрлық инженерлік құралдарды оқуға енгізу

04

Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, гранттық жобаларын қолдау

05

Шетелдік университеттермен академиялық ұтқырлық пен бірлескен бағдарламаларды дамыту

06

Еңбек қауіпсіздігі, экологиялық жауапкершілік және инженерлік этика мәдениетін қалыптастыру