Маңғыстау өңірі мен Каспий маңы индустриясы үшін мұнай-газ, геология, құрылыс, экология және энергетика салаларында іргелі білімі мен практикалық дағдысы бар, инновациялық ойлайтын, бәсекеге қабілетті инженерлік кадрлар даярлау.
Білім беру, ғылым және өндірісті біріктіретін, ұлттық және халықаралық деңгейде танылған Каспий өңіріндегі жетекші инженерлік білім беру орталығына айналу.
Білім беру бағдарламаларын индустрия талаптары мен халықаралық инженерлік стандарттарға сәйкестендіру
Мұнай-газ, энергетика және құрылыс кәсіпорындарымен тәжірибеге бағытталған серіктестікті кеңейту
Каспий өңірінің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына бағытталған ғылыми зерттеулерді дамыту
Зертханалық базаны жаңғырту және цифрлық инженерлік технологияларды (BIM, GIS, модельдеу) енгізу
Академиялық ұтқырлық пен шетелдік университеттермен ынтымақтастықты кеңейту
Студенттердің ғылыми, кәсіби және көшбасшылық әлеуетін дамыту