Құрметті оқытушылар, білім алушылар, талапкерлер және факультет қонақтары!
Инжиниринг факультетінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Инжиниринг – ғылым мен технологияның, білім мен өндірістің тоғысқан маңызды саласы. Қазіргі кезеңде инженерлік мамандарға қойылатын талаптар артып, жаңа технологияларды меңгерген, заманауи ойлайтын және кәсіби міндеттерді тиімді шеше алатын білікті кадрларға сұраныс жоғары.
Инжиниринг факультетінің негізгі мақсаты – сапалы білім беру арқылы кәсіби құзыретті, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейім, инновациялық ойлау қабілеті қалыптасқан және еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап бере алатын мамандар даярлау.
Факультетте білім беру үдерісі ғылыммен, тәжірибемен және өндірістік ортамен сабақтастықта жүзеге асырылады. Студенттердің зерттеу жобаларына, ғылыми конференцияларға, кәсіби байқауларға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына және практикалық жұмыстарға қатысуына кең мүмкіндік жасалады.
Біздің басты құндылығымыз – адам капиталы. Білікті оқытушылар мен ізденімпаз студенттердің әлеуетін біріктіру арқылы жаңа ғылыми идеялар мен инновациялық жобаларды дамытуға, өңірдің инженерлік-технологиялық әлеуетін арттыруға ұмтыламыз.
Факультет алдағы уақытта да білім беру сапасын жетілдіруге, ғылыми-зерттеу бағыттарын дамытуға, өндіріс орындарымен серіктестікті нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық береді.
Факультетіміздің барлық білім алушыларына сапалы білім мен шығармашылық ізденіс, оқытушыларымызға ғылыми және кәсіби жетістіктер, ал талапкерлерге дұрыс таңдау мен жарқын болашақ тілеймін!
Бірге дамып, жаңа мүмкіндіктерге бірге жол ашайық!
Ізгі ниетпен,