«Таза Қазақстан: Экологиялық мәдениет» атты іс-шара өтті

2024 жылғы 8 қарашада Yessenov University Инжиниринг факультеті «Экология және геология» кафедрасының ұйымдастыруымен табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру, жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан: Экологиялық мәдениет» атты іс-шара өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі… Елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. Қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет» деп ерекше атап өткен болатын.

Алқалы жиында экологиялық білім беру мен қала экологиясының өзекті мәселелері бойынша келесі мамандар баяндама жасады:

  • Осин Кирилл Владимирович – «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры;
  • Татиева Ирина Рапаеловна – «ЗЕЛЕНАЯ ШКОЛА TAZA.LIKEE» қоғамдық қорының директоры;
  • Қойбақова Сымбат Еламановна – PhD, Ш. Есенов атындағы КТИУ «Экология және геология» кафедрасының меңгерушісі.

Сонымен қатар, шараға Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту, Қалдықтарды басқару және жоспарлау бөлімдерінің, Энергетика басқармасының өкілдері, «GIBRAT PRO» қоғамдық қоры, «Respublica», «Ауыл», «Amanat» партияларының Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері, сондай-ақ Есенов университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары белсенді қатысты.

Табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті арттыру – тұрақты болашақтың кепілі!

Leave a Reply